БҚО-да ұрылар жалған тапаншамен дүкен мен валюта айырбастау пунктін тонап кеткен
БҚО-да ұрылар жалған тапаншамен дүкен мен валюта айырбастау пунктін тонап кеткен
96
оқылды
БҚО тәртіп сақшылары дүкен мен айырбастау пунктін тонап кеткен ер адамдарды ұстады. Орал қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала дүкендерінің бірінің сатушысынан қоңырау келіп түсті. Ол тапанша ұстаған ер адамдардың өзін қорқытып, кассадан ақша алып кеткендігін хабарлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицияға айырбастау пунктінің кассирі де ұқсас хабарламамен жүгінген. Сатушыны тапаншамен қорқытқан қаскөйлер дүкен кассасынан 75 мың теңгені алып кеткен. Қылмыскерлердің көздегені дүкен емес, валюта айырбастау пункті болғандығы белгілі болды. Себебі олар қалай əрекет ететіндерін алдын ала жоспарлаған. Кассир жұмысқа бара жатқанда қаскөйлер оны ұрлап кеткен. Дүкен арқылы айырбастау пунктінің қызметтік кіреберісіне жетіп, нысанды сигнализациядан алып тастаған, одан соң қызметтік кіреберістің есігін кассирдің кілттерімен ашқан. Ал кассирдің өзі көлікте байлаулы отырған. Кетіп бара жатып, олар дүкендегі кассаны да тонаған. Сатушыны қорқыту үшін қолданылған тапанша жалған екендігі анықталды. “Аталмыш қылмыс күндізгі уақытта жасалды. Қылмысты жасау үшін күдіктілер алдын ала дайындалған”, – деп атап өтті Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.