Қазақстандық футбол клуб Ресей чемпионатында бақ сынайды
Қазақстандық футбол клуб Ресей чемпионатында бақ сынайды
Meta-ratings.kz порталының хабарлауынша, «Қайрат-Мәскеу» атты жаңа футбол клубы биылдан бастап Ресейдің Кәсіпқой футбол лигасында «Батыс» аймағында ойын көрсетеді. Клуб өкілдері Алматыдан Мәскеуге аттанған, онда олар  ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Турнирдің басталуы ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. «Қайрат-Мәскеу» командасы Красногорск қаласында тұрақтайды. Клубтың бас бапкері болып Кирилл Кекер тағайындалған.