Туризмге тың серпін бермек
Туризмге тың серпін бермек
106
оқылды

Палата Cпикері Мәулен Әшімбаевтың  төрағалығымен өткен Сенат отырысында сенаторлар «Кейбір заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Заңда  туризм секторына серпін беру тетіктері қарастырылған.

Бұдан былай мемлекет ту­ристік әлеуеті жоғары аумақтарда нысан салған кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қа­­­растыруға міндетті болады. Он­дай арнайы аймақтардың тізімі жеке бекітіледі. Ал кәсіп­­­кердің құры­лысқа салған инвес­тиция­­сының көлемі 200 мың АЕК-тен асуы керек. Сондай-ақ мемлекет жол бойында қызмет көрсету сала­­­сындағы шығынның бір бөлі­гін өтейді және туропера­торлардың шығыстарын субси­диялайды. – Елімізде туризм саласын дамыту – маңызды мақсаттардың бірі. Бүгін қабылданған заң осы бағытта кешенді заңнамалық не­гіз қалыптастырады. Оған сәй­­­кес, қаржылай қолдау тетік­те­рінің де ауқымы кеңейді. Олар­дың қа­­­тарында инвес­тициялық жеңіл­діктер, туристік қызметті ынта­ландыру, сырттан туристер әке­летін туропера­торлардың шы­­­­­ғын­дарын субсидиялау сияқ­­ты ба­­сымдықтар бар, – деді Жоғарғы палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар Сенат оты­рысында депутаттар Қазақстан және Қырғыз Республикасының үкіметтері арасындағы «Көші-қон саласындағы ынтымақтастық тура­лы келісімді ратификациялау тура­­­лы» заңды құптады. Осы ар­қылы көші-қон процестері мен азаматтық мәселелерін реттеу және заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша мәліметтер алмасу үшін қолайлы жағдай жасалады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр Қырғыз Рес­публикасынан Қазақстанға 280 мыңнан астам адам келген. Сот арқылы 674 адам депорта­ция­­­ланды. 3 мыңнан астам шетел­дік әкімшілік жазаға тар­тылды. Біздің ел арқылы заңсыз көші-қонның транзиттік арна­сын ұйымдас­­­­тырған топтарға 27 қыл­мыстық іс қозғалды. Қазақстан көші-қон сала­сында ұқсас 23 келісімді Өз­бек­стан, Тәжікстан, Әзербайжан, Беларусь және басқа елдермен ратификациялады. Мұның сыртында сенаторлар «Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және заң кө­мегі мәселелері бойынша өз­­ге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының жеке­леген даулы нормалары бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті еңсеру үшін ке­лі­сім комис­сиясының ұсыны­сын қабылдады.  

Елдос СЕНБАЙ