Ауыл жері шетелдікке берілмейді
Ауыл жері шетелдікке берілмейді
101
оқылды

Мәжіліс ел Президенті бастамашы болған, ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де түбегейлі тыйым салатын заң жобасын қолдады. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын I оқылымда мақұлдады.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев­­тың заң шығару бастамасы тәрті­бімен дайындалған бұл құжатты қабылдаудағы мақсат – шетелдік­тер­­­­дің, азаматтығы жоқ адам­дар­­­дың, сондай-ақ шетелдік заң­ды тұлғалардың, шетелдік қаты­­сатын Қазақстанның заңды тұлға­­лары­ның, халықаралық ұйым­дардың, халықаралық ғылы­­ми орталық­тардың, сонымен бірге қандас­­­тар­­дың да ауыл шаруашы­лығы мақ­­сатындағы жер учаске­­лерін жеке­­­шелендіруіне және уақытша жер пай­­­далану құқығын иеленуіне тыйым салу. – Бүгін мақұлданған «Жер қа­ты­­­настары туралы» заң жо­басы­ның Қазақстан қоғамы үшін маңы­зы да, рөлі де ерекше. Себебі Мем­­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырма­­­­сымен әзір­­ленген осы құжат арқа­­­сында хал­­­қы­­мызды маза­лаған мә­­селенің нақты шешімі қабыл­­данды. Енді жерімізді шетел­дік­терге сатуға да, жалға бе­­­­­­­руге де толық тыйым са­­­лы­­нады, – деді Нұрлан Нығматулин. Оның байламынша, бұл заң жобасы жер туралы конструктивті емес барлық пікірталасты тоқта­­тып, бар назарды, күш-жігерді жерді қол­­дану мүмкіндіктерін тиімді пайда­­­­лануға шоғырлан­­дыруға жол ашуы тиіс. Жер заңна­­ма­сынан шетелдік жер пайда­­ланушыларға және шетел­­­­діктер үлесі бар бірлескен кә­­сіп­­орын­­­дарға, сондай-ақ қандас­тарға ауыл шаруа­шылығы жерлеріне құ­­қықтар беру мәселелерін регла­­­­мент­тейтін нормалар алып тас­талмақ. Сонымен қатар жалпы оты­рыста «Ерекше тауарларды бақы­­лау туралы» заң жобасы мен оған ілес­пе заң жоба I оқылымда ма­құл­данды. Онда ерекше тауар­ларды бақылаудың мақ­саттары, қағи­­даттары мен әдіс­тері бел­гіленген. Құжаттың мақса­ты – ұлттық қауіп­сіздікті қамта­масыз ету, жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қару-жарақтың заңсыз саудасына жол бермеу жөніндегі халықаралық міндет­­темелерді сақтау.  

Айхан ШӘРІП