Архивтер құпиясын ашатын комиссия құрылады
Архивтер құпиясын ашатын комиссия құрылады
140
оқылды

Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті.

­Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қ.Көшербаев аталған комиссияның жұмысын ұйымдас­тыру кезеңі аяқталып, еліміздің түрлі архивтерінде ғалымдардың және сарапшылардың белсенді зерттеу жұмыстары басталғанын атап өтті. Комиссияның қызметін қам­тамасыз ету үшін арнайы жобалық офис құрылып, оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мем­лекеттік органдардың өкілдері кірген. Сонымен қатар мемле­кет­тік комиссия жұмысының бар­лық бағытын толық қамту үшін 11 жұ­мыс тобы құрылды. Әр топ өз қызметін қуғын-сүргін құрбан­да­рының санатына сәйкес тақырып­тық жоспарлар мен белгілі бір әдістемелер аясында жүзеге асы­рады. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов мәжіліс бары­сында жұмыс топтарының барлық мүшесі жабық және арнайы архив­терде жұмыс істеуге рұқсат алға­нын атап өтті. Ғалымдардың жа­ла­қысы мен барлық әлеуметтік төлемдері сақтала отырып, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерт­теу институттарындағы негізгі жұ­мыстарынан уақытша боса­тылды. Мәдениет және спорт ми­нистрі А.Райымқұлова Саяси қу­ғын-сүргін мәселелері жөніндегі арнайы архив қорын және Ұлттық жад институтын құру жұмыстары туралы айтты. Отырыс барысында Саяси қуғын-сүргін жөніндегі жабық архив қорларын жан-жақты зер­делеу және оларды кезең-кезеңі­мен құпиясыздандыру үшін ша­ғын комиссия құру жөнінде ше­шім қабылданды. Жиын қо­ры­тындысы бойынша Мем­ле­кеттік хатшы ведомстволық және мем­лекеттік архивтердің қыз­метін жетілдіруге, архив­тер­дегі ға­лымдар мен зерт­теу­ші­лердің жұ­мысы үшін қолай­лы жағ­дай жа­сауға бағытталған бірқатар тап­сырма берді.