Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Израиль Жетісуға инвестиция салмақ

«Айқын» ақпарат
Сәуір 9, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Жетісу

Алматы облысы әкімдігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде өңірдегі агро­өнеркәсіпке үлкен серпін әке­летін жаңалық жария болды. Облыс әкімі  Амандық Баталов Жетісу жеріне Израиль елінен ат арылтып арнайы келген  халықаралық LR GROUP компаниясының өкілдерімен кезде­сіп, қос тарап екі жаққа да тиімді келісімге келді.

Емен-жарқын жүздесуде өңір басшысы израильдік кәсіпкерлердің облыс аграрлық саласына  инвестиция құямыз деген ниетін құптады. Өзара ақылдасу барысында алыс шетелден жеткендердің  бүгінгі өркениет талаптарына сай келетін жаңа техно­логияларына және оның тиімділігіне баса назар аударылды.

LR GROUP компаниясының вице-президенті Белтман Марк жетісулық же­тек­шілерге өз жұмыстарын жан-жақты та­ныс­тырып, қолданыстағы озық техно­логияны бай тәжірибемен ұштастырып, қол жеткізген жетістіктерден көңіл то­ғайтарлық мысалдар келтірді. Қазір атал­ған компанияның әлемнің 16 елінде жұмыс істеп жатқанының өзі-ақ шетелдік инвес­торлардың мықтылығын дәлел­дейтіндей. Олар ендігі жерде  Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін ашық айтты. Компания агроөнеркәсіптік  салаға  маманданған. Сүт өндірудің жаңа технологияларын жан-жақты игеріп, жетік меңгерген. Сондықтан олар өздері  өндіретін өнім сапасына кепілдік бере алатынын да сенімді түрде мәлімдеді.

– Инвестиция салу арқылы аграрлық саладағы жұмысымызды сіздерге  көрсетіп, Жетісуда өз  жоспарымызды жүзеге асырсақ дейміз. Алматы облысындағы аса құнарлы әрі бай жер ресурстары ол ойымызды толықтай орындауға мүмкіндік береді.  Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі артады. Озық техно­логияны меңгерген кадрлар жасақталады. Бұдан екі тарап та ұтады, – деді Белтман Марк.

Жыл бойы өткізілетін жиналыстың мән-жайын талқылады

Халықаралық корпорация екі кәсіпорын салады

Жетісуда жаңғақ та өсіріледі

Облыс әкімі инвесторлардың ой-пікіріне қолдау білдіріп, Жетісу аймағының бай табиғатымен, инвестицялық зор мүмкіндігі туралы баяндап,  таныстырып өтті. Халықаралық әріптестіктің өзіндік мектебі қалыптасқанын да  айтты. Әсіресе, майбұршақ, жүгері дақылдарын өсіруге айрықша назар аударылған.  Қант қызылшасы өндірісі де қайта қалпына келіп қалыпты. Осындай нәтижелердің арқасында облыс республикада өндірілетін аграрлық өнімнің 20 пайызын еншілеп отырғанын да ресми қонақтарға жеткізді.

– Израиль елінің технологиясын  әлем мойындаған.  Әсіресе, тамшылатып суару әдісі дүниежүзіне кеңінен таралып, барлық елде қолданылуда.  Сондықтан олардың озық технологиясы Жетісу өңірінің аграрлық саласын дамытуға өзіндік ықпалын тигізсе, біз оны әрқашан қолдаймыз, – деді Амандық Ғаббасұлы.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

 
ID: 0
Тегтер: Амандық БаталовЖетісуИзраильИнвестиция
Алдыңғы жаңалық

Біреудің саусақ ізімен картадан ақша ұрлаған

Келесі жаңалық

Әділбек Мусин турнирдің жартылай финалына шықты

Ұқсас жаңалықтар

вакцина
Жаңалықтар

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 2021
Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді
Жаңалықтар

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 2021
балалар үйі
Басты жаңалықтар

Қазақстанда 18 балалар үйі қалды: бір балаға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Сәуір 22, 2021
әнші
Жаңалықтар

Алматыда танымал топтың әншілері қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 16:23

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 16:00

Қазақстанда 18 балалар үйі қалды: бір балаға бюджеттен қанша ақша бөлінеді?

Сәуір 22, 15:53

Алматыда танымал топтың әншілері қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 22, 15:20

Covid-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін бала көтеруге бола ма?

Сәуір 22, 15:02

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылау ұсынылды

Сәуір 22, 14:25

Тоқаев Атырау облысына қатысты кеңес өткізді

Сәуір 22, 14:20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

вакцина

Вакцина Паркинсон және Альцгеймер ауруларын тудырады деген сөз шықты

Сәуір 22, 2021
Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Отандық вакцинаның алғашқы партиясы жөнелтілді

Сәуір 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»