Әділбек Мусин турнирдің жартылай финалына шықты
Әділбек Мусин турнирдің жартылай финалына шықты
162
оқылды

Қазанда жүзуден Ресей ашық чем­пионаты өтіп жатыр. Күндізгі бағ­дар­ламада 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі өтті.

Қазақстан атынан сынға түскен Әділ­бек Мусин аталған қашықтықты 00:52.66 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтті. Осылайша, спортшымыз жартылай финалға жолдама алды. Ол іріктеу кезеңін өз тобындағы екінші орынмен аяқтаған еді.  Жартылай финал 8 сәуір күні өтеді. Ал Дмитрий Баландин Ресей чемпио­натында 200 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша күміс жүлдеге ие болды. Финалда ол тиісті қашықтықты 02:08.5 уа­қытта жүзіп өтті.  Аталған санат бойынша ресейлік Антон Чупков  алтын медаль алса, Кирилл Пригода үздік үштікті қорытын­дылады.

 Айбике ЖАНАСЫЛ