9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тек оңтүстікте күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарында тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел екпіні – 15-20 м/с. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.