Абақтыда сотталғандар төбелесіп, біреуі қаза тапты
Абақтыда сотталғандар төбелесіп, біреуі қаза тапты
106
оқылды

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелескендердің біреуі қаза тапты.

Бүгін Алматы облысындағы изоляторда сотталғандар жанжалдасып, төбелескен. Біреуі екіншісіне дене жарақатын салған. Сотталған адам сол жерде қаза тапты.

«Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға болған жерге келген жедел жәрдем бригадасы сотталушының қаза болғанын анықтады. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жедел тергеу тобы, прокуратура өкілдері және ҚАЖД басшылығы келді» делінген ресми хабарламада.

Жазасын өткеп жатқан екі адам да бұрын сотталған. Тергеу басталды.