Доллар бүгін де қымбаттады
Доллар бүгін де қымбаттады

Бүгін доллар бағамы 8 сәуірмен салыстырғанда 0,04 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 433,04 теңге болды. Бұл туралы kurs.kz хабарлады.

Ұлттық банктің 9 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,94 теңге. Бүгінде Алматыда доллар 434,22 теңгеге сатылса, ал сатып алу – 432,68 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 433,54 теңгеге сатылып жатыр. Сатып алу құны – 432,30 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қаржы айналымы туралы Президентке есеп берген еді.