Алматыда автобус Шығыс айналма жолында жолайрықтың бетон қабырғасына соғылды. Апат салдарынан бес жолаушы жарақат алды.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 сәуір күні сағат 18:20-да болған.«1992 жылы туған автобус жүргізушісі Халиуллин көшесімен шығыс бағытта, Шығыс айналма жолындағы көпірдің астымен жүріп келе жатып бетон қабырғаға соғылды. Жол апаты салдарынан автобустың бес жолаушысы зардап шекті. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық Полиция басқармасы анықтайды», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Бұған дейін Алматыда автобус көшеден өтпек болған қызды қағып кеткенін жазған болатынбыз.