Астана қаласының бұрынғы әкімі, қазір Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған Әсет Исекешев соңғы оқыған үш кітабымен бөлісті.
Біріншісі, "Ким" - Редьярд Киплинг.
Джозеф Рудьярд Киплинг - әйгілі жазушы, ақын және романист, әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алған алғашқы ағылшын. Жалпы Киплингтің шығармаларын оқырман мен сыншылар арасында өте оқылымды болды. Тіпті, автордың қаламақысы өте жоғары болған, сол жағынан рекорд орнатты. Өзінің көзі тірісінде төрт шығармалар жинағы шыққан. Соның ішінде жазушы "Ким" кітабын - ең жақсы кітаптарының бірі деп санаған. [caption id="attachment_127031" align="alignnone" > ©litres.ru[/caption]Екіншісі, "Обладатель" - Антонья Сьюзен
[caption id="attachment_127034" align="alignleft" > azbooka.ru[/caption] Бұл - ХХ ғасырдың аяғында шыққан ең үздік романдардың бірі. Сонымен қатар Антония Байеттің ең жақсы туындысы болып саналады. Мұнда жазушы махаббат туралы ғана емес, сонымен бірге әдебиетке деген сүйіспеншілік туралы жазған. Оған қоса, Роберт Браунинг пен Элизабет Баррет секілді екі ақынның махаббат хикаясы баяндалған.Үшіншісі, "Ранние журавли" - Шыңғыс Айтматов.
"Ерте келген тырналар" деген Айтматовтың бұл әңгімесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қырғыз ауылына арналған. Ер-азаматтың бәрі - соғыста.
Оның кейіпкері - балалар, яғни, 6-7-сынып оқушылары.
Олардың арасында мықты дегендері қараусыз қалған өрісті көтеріп, майдан мен отбасына нан табуы керек. Бала болса да олар осыны жақсы түсінеді. Міне, солардың тіршілігі жайында жазылған.