12 сәуірден бастап Алматы облысында карантин күшейтіледі

12 сәуірден бастап Алматы облысында карантин күшейтіледі

Қаулыға сәйкес, 12 сәуірден бастап бірқатар шектеу енгізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бұған дейінгі шектеуге қосымша: – банкет залдары; – театр, кинотеатрлар; – облысаралық /қалааралық/ ауданаралық тұрақты емес (туристік) автобустар (микроавтобус) тасымал қозғалысы; – облысаралық (қалааралық) ауданаралық тұрақты автобустар (микроавтобус) қозғалысы; – спорттық шаралар, соның ішінде чемпионаттар, аудан, облыс және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуге; – білім орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастикалық және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер; – мәдениет нысандары (мұражайлар, Мәдениет үйлері, концерт залдары және т.б.); – құрылыс материалдары, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысатын нысандардан басқа, аумағы 2000 шаршы метрден көп, азық-түлік сатпайтын (бөлек тұрған) дүкендер қызметіне тыйым салынады.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Бүгіннен бастап Батыс Қазақстанда түнде жүруге тыйым салынды.