Жүргенов академиясында жаңа энциклопедияның тұсаукесері өтті

Жүргенов академиясында жаңа энциклопедияның тұсаукесері өтті

Жиынды академия ректоры Ақан Абдуалиев бастады.

«Тұлғалар энциклопедиясы оқырмандарды түрлі этностардың өкілдерімен, олардың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырады. Бұл – ел мен елдің арасындағы бірлікті бекемдей түсер қадам екені кәміл. Ежелден татулық пен ынтымақты сүйген халықпыз. Бүгінге де бізді осы қасиетіміз жетелеп, жеткізді деп білемін. Аталмыш басылымның оқылымы артып, ұрпақ кәдесіне жарай бергей! Әрине, мұндай құндылықтың жалғасын осы отырған біздер де, қоғам да күтері анық», – деді Ақан Абдуалиев.

Сондай-ақ бастамаға қолдау білдірген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев та лебізін жеткізді.   «Бұл әлі де жалғасын табуы керек. Өйткені қазақ мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосқан өзге ұлт өкілдерінің өнегелі еңбектерінің шежіресі бір томдық кітапқа толық сыймайды. Демек, жақсы үрдіс жалғасын табады деп сенемін», – деді Ж.Түймебаев.   Материалдарды жинап, баспаға дайындаған ҒСК мүшесі, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА проректоры, с.ғ.д. Ш.Әмірбеков және  ҒСК мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Шаймерденова. Аталмыш энциклопедия  және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қолдауымен жарық көріп, академияның Ғылыми кеңесімен ұсынылған. Сүбелі еңбекке үлесін қосқан академияның оқу, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., ҒСК мүшесі Шәріпбек Әмірбеков тұсаукесер рәсімін жүргізді.   Жиында кітапты профессор, т.ғ.к., ХАА академигі Меңдіғаным Шаймерденова таныстырды. Жиында қонақтар өзара пікір алмасты. Шараға Мәжіліс депутаттары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар,  мүшелері,  Алматыдағы ҒСК мүшелері, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, «Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» РҚБ төрағасы мен өкілдері, республикалық ЭМБ жетекшілері, белсенділері, жастар, республикалық Достық үйінің өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция атсалысты. Сондай-ақ Австрия, Ресейден қонақтар келді. Еуразия халықтары ассамблеясының мүшелері, Ресей халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшелері, ғалымдар қатысты. Түрлі ұлт өкілдерінің басын құраған дөңгелек үстелде, руханият қоржынын толтырған энциклопедия талқыланды.