Алматыда жолды жөндеу жұмыстарына нұротандықтардың көңілі толмады

Алматыда жолды жөндеу жұмыстарына нұротандықтардың көңілі толмады

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев пен Медеу аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Әсет Масабаев шұңқырлар мен  жол төсемінің шөгуін Медеу ауданындағы арнайы тексеріс барысында анықтады. Мәселен, асфальт төсемі технологиясының сақталмауынан және тапсырыс беруші мен техникалық қадағалау өкілі тарапынан бақылаудың болмауынан Керей-Жәнібек хандары көшесіндегі сегіз учаскеде ойылған жерлер бар. Сондай-ақ аралау барысында асфальттау жұмыстары сапасыз жүргізілгені анықталды. Мұзтау шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салғаннан кейін көптеген бұзушылықтар анықталды. Тиісті бақылаудың болмауы, жүргізілетін жұмыс сапасының төмендігіне, соның ішінде арнайы техниканың және тікелей жұмысшы персоналдың болмауына әкеліп соқты. Мұнымен қоса, нұротандықтар көлік құралдарының қозғалысы үшін авариялық жағдай туғызатын Бейсеуов көшесінің барлық жүріс бөлігінің бойында көптеген шұңқырлар мен опырылымдарды анықтады. Бұдан бөлек, аудан тұрғындары үшін жаяу жүру және жеңіл автокөліктердің өтуі қиын. Замартас және Айдарлы көшелерінде жүргізілген жер жұмыстары және асфальттаудың болмауы салдарынан, жаңбыр суларымен жол бойынан инертті материалдар жуылуда. Бұл бүкіл көшелерде опырылыстар мен балшық массаларының пайда болуына әкелді. Анықталған бұзушылықтар шиеленісті жағдай туғызып қана қоймай, осы шағын аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілерде жағымсыз посттардың жариялануына әкелді.

«Мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың тұрғылықты жеріне қарамастан, жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз ету «Алматы-2050» Даму стратегиясының бірінші басым бағыты болып табылады. Осыған байланысты, қаланы абаттандыру жұмыстарына деген немқұрайлыққа жол берілмеу керек. Біз мердігерлік ұйымдардың басшыларына 2021 жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде жоғарыда аталған барлық бұзушылықтарды жоюды тапсырдық. Бұл мәселе партия филиалы мен аудан әкімінің тікелей бақылауында болады», - деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.