Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты қазақстандықтардың сыны орынды деп есептейді
Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты қазақстандықтардың сыны орынды деп есептейді
118
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп есептейді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым», -  деп жазды Президент.