Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы кезекті ірі жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. Израильге қарсы матчта Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық команда сапынан негізгі құрамда Тайнан, Ақбалықов, Есенаманов пен Тұрсағұлов шықты. Ал қақпада әдеттегідей Игита тұр. Қазақстан құрамасы Изралильге қарсы екі ойынды да Нұр-Сұлтанда өткізіп жатыр. Себебі қаңтарда израильдік тарап матчты өз алаңында карантинге байланысты өткізе алмаған. Бүгінгі ойында Тайнан 17-минутта есеп ашты. Қазақстан үзіліске дейін тағы екі гол соқты. Жомарт Тоқаев дубль жасады. Екінші тайм басталған бойда Тайнан есепті 0:4 қылды. Артынша Израиль бір голмен жауап қатты, қақпасынан алысқа шығып кеткен Игита қайтып үлгермеді. Қорытынды есеп - 4:1. Бұл матч Қазақстан үшін маңызды болмады. Себебі Будапештте Венгрияға (6:1) қарсы ойыннан кейін Қазақстан ЕУРО-ға жолдама алып қойған. 11 сәуірде Қазақстан мен Израиль екінші рет ойнайды. Бұл ойында отандық футзалдың үздік ойыншыларының бірі Серік Жаманқұлов құрамадағы соңғы матчын өткізбек. 2022 жылғы Еуропа чемпионаты Нидерландта өтеді.