Маңғыстауда әскери ұшақ тасжолға қонған

Маңғыстауда әскери ұшақ тасжолға қонған

Маңғыстау облысында Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақ қонды. Куәгерлер ұшақтың қонған сәтін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері Ақтау-Жаңаөзен тасжолын жауып, жүргізушілерді айналма жолға жіберген.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ұшақтың "Алтын жебе" арнайы операция компоненттерін кешенді тексеру аясында тасжолға қонғанын хабаралаған.