Еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Казгидромет" РМК 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 10 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. 10-11 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 10, тәулік 11 сәуірде күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.  Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 10 сәуірде түнде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі.  Қарағанды қ.аласында 10 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.