Денсаулық сақтау министріне сауал жолдады
Денсаулық сақтау министріне сауал жолдады
135
оқылды

«Nur Otan» партиясынан сайланған Мәжіліс депу­таты Ғалымжан Елеуов Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға депутаттық сауал жолдап, онда бүгінгі күннің өзекті мәселесі – COVID-19 індетімен күрес барысындағы олқы­лық­тар­ды атап көрсетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфек­циясы таралуының алдын алуға қатысты кеңесте дәрі-дәрмек­тердің, медициналық бұйымдар мен медициналық құрал-жаб­дықтардың жетіс­пейтініне баса назар аударып, індетті түбегейлі жеңу үшін ме­дициналық меке­мелердің озық үлгідегі жабдық­тармен қамта­масыз етілуі кере­гін айтқан бо­латын. Премьер-Министрдің орын­басары Е.Тоғжановтың төра­ғалығымен өткен корона­вирус инфекциясының тарал­мауы жөніндегі ведомствоара­лық комиссияның 2020 жылғы 17 қарашадағы отырысында Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімдеріне – індетті емдейтін 10 төсекке есептегенде 1 аппарат есебінен тыныс алу терапиясы әді­сін енгізуді қамтамасыз ету жө­нінде нақты тапсырма беріл­гені белгілі. Міне, осыларды ес­ке сала отырып, депутат тыныс алу тера­­пиясы бұл шырышты ты­ныс алу жолдарын жара­қатта­май­тын, ем алуды қолдаудың заманауи және тиімді әдісі екенін еске салды. Халық қалаулысы ведом­ство­аралық комиссияның ше­шім­дері орындалмай отырға­нын сынға алды. Мәселен, ме­ди­циналық ұйымдардың жо­ғары ағынды мұрын оттегі терапиясы аппараттарымен қам­тамасыз етілуі, орташа есеп­пен алғанда 22% шама­сында, оның аз екенін айтты. Сондай-ақ аталған ап­па­ратпен қамтамасыз ету өңірлер бойынша әркелкі екенін де тіл­ге тиек етті. Мысалы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау об­лыс­тарында бұл аппарат мүлдем жоқ болып шықты. Мәжіліс депутаты Ден­сау­лық сақтау министрлігінен медициналық ұйымдарға жік­тей отырып, оттегі концентра­торымен, ВНКТ аппаратымен және ӨЖЖ аппаратымен жаб­дықтауға қатысты барлық өңір бойынша нақтылы және жос­парланған жарақтандырудың жинақталған ақпаратын ұсы­нуды, ведомствоаралық ко­миссия шешімінің орындалмау себебін түсіндіруді сұрады. Сонымен қатар сырқаттан­ғандар статистикасын жүргізіп, жағдай­дың қаншалықты ауыр­лығын, эпидемиологиялық ах­уал­дың болжамын, маман­дардың қам­тылуын ескере оты­рып, меди­циналық ұйым­дардың қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуінің нақты көр­сеткіштерін өңірлерге жет­кізуін талап етті.  

Әбілмансұр ЖАСАН