Ақмолада вакциналау қарқынды жүріп жатыр
Ақмолада вакциналау қарқынды жүріп жатыр
92
оқылды

Ақмола облысында ко­ро­навирусқа қарсы халықты вакциналау белсенді түрде жүзеге асы­рылып жатыр. Жал­пы, бүгінге дейін вакци­наның алғашқы компонентімен 9 689 адам егілсе, екінші компонентін 4 832 адам қа­былдаған.

Қазір облыста 1 579 доза мөлшерінде (1 ком­поненті – 211, 2 компоненті 1 368) вакцина әзір. Осы ай ішінде тағы 24 600 доза халықты вакциналау үшін жет­кізілмек. «Облыста 87 екпе бекеттері қызмет көрсетіп жатыр. Сонымен қатар вакциналау процесін жыл­дам жүргізу мақсатында 11 жыл­жымалы бекеттер жұмыл­ды­ры­л­ған. Меди­циналық ұйымдарда 100 мың дозаға дейін вакцина­­ларды сақтауға қабі­летті 49 мұз­датқыш камералар қойыл­ған. Онда вак­цина­лар -25°С-тан - 43°С тем­ператураға дейінгі аралықта сақ­талады. Мұны­мен қоса 119 тер­моконтейнер, 33 мұздатқыш сөмкелер мен 448 суыт­қыш эле­менттермен қамтылды. Сондай-ақ 12,5 миллион теңге сомасына ав­торефрижератор сатып алуға кон­курс жарияланды», – дей­ді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Нари­ман Сыз­дықов. Сала мамандарының пікірін­­ше, халық індеттің елімізде кеңі­нен таралып жатқанын түсініп, вак­цинаны жауапкершілікті се­зіне отырып қабылдап жатыр. «Барлығы штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Вакцина қа­былдаған адамдарда ешқандай ас­қыну, басқа да жанама реак­циялар болған жоқ. Халық ін­деттің қатты таралып жатқанын түсініп, өз ерік­терімен вакцина қабылдап жа­тыр», – дейді Көк­шетау қаласы №1 емхана­сының бас дәрігері Михайл Алексеев. Қазір ерікті түрде вакциналау Көкшетау қаласында «РИО» ойын-сауық сауда орталығында, Көк­шетау қаласының №1 ем­­­ха­насы мен орталық емхана­ла­­­рында жүзеге асырылып жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы