«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға облыс әкімдігінің бірқатар басқармасының басшылары қатысты. Сондай-ақ жиында көтерілген мәселе бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары да бейнебайланысқа шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар ауыл мектебіне жергілікті азаматтың есімін беру, баспанамен қамтамасыз ету, су қоймалары мен ағын су жүйелеріне иелік ету, жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару және басқа да мәселелер бойынша сауалдарына жауап алды. Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны Мұрат Рысменбетовтің сауалына жауап берген өңір басшысы Жаңатұрмыс ауылын және төрт көрші елді мекенді орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайын екенін жеткізді. Тек бюджеттік өтінім мақұлданып, қаржы қаралса, тіршілік нәрін тарту жұмыстары уақыт оздырмай қолға алынатыны айтылды. Қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселені шешуді, оларға тиісті мекемелер тарапынан заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру облыс әкімі аппаратының бақылауында болады.А.ЖАСАНҰЛЫ