Әлемнің ешбір елі коронавирус деп Қытаймен шекарасын жапқан жоқ
Әлемнің ешбір елі коронавирус деп Қытаймен шекарасын жапқан жоқ
©Газета.RU
Қытаймен арадағы шекарасын әлемнің ешбір мемлекеті жапқан жоқ. Тіпті короновирус кіріп кеткен жағдай анықталып жатса да. Сол себепті Қытаймен арадағы әуе қатынасына шектеу жасалмайды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда қалалық Тауар мен қызметтер сапасын бақылау департаменті жетекшісінің м.а. Сархат Бейсенова мәлімдеді, – деп хабарлайды zakon.kz. – Қытаймен арадағы шекарасын әлемнің ешбір мемлекеті жапқан жоқ. Оның ішінде коронавирус кіріп кеткен жағдайлар тіркелген мемлекеттер де. Бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның тарауын бақылауды күшейтудің шаралары бірдей жүргізілуде, – деді ол. Бейсенованың айтуынша, вирусты бақылау ең алдымен Қытайдан келетін адамдарды бақылаудан басталады. Сол себепті ұшақтан түскен барлық жолаушылардың дене қызуын бақылау күшейтілген. – Дене қызуы жоғары адамдар анықталған жағдайда оларды тексеруге алып кетеміз. Ең бастысы, бір Нұр-Сұлтанға соңғы 20 күннің ішінде келген тұлғалардың бәріне мониторинг жүргіземіз, денсаулығын анықтаймыз. Бұл жұмыс күнделікті жүргізілуде, – деді Бейсенова. Қазақстан астанасына келген шетелдіктердің тізімін, тұратын жері мен жұмыс орны туралы мәліметтерін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ҚР ІІМ береді. – Біз коронавирус белгілерін дер кезінде анықтау үшін келген шетелдіктердің денсаулығын 14 күн бойы бақылауға тиістіміз. Бірақ инкубациялық кезең тура соңғы күні аяқталуы да мүмкін, сондықтан әрбір тұлғамен жеке жұмыс істейміз, – деп қосты ол.