Нұр-Сұлтанда карантин шаралары өзгерді
Нұр-Сұлтанда карантин шаралары өзгерді
134
оқылды

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда кейбір шектеулерді күшейту көзделген. Ал кейбір талаптар өзгеріссіз қалды.

Олардың ішінде – кинотеатрлардың, боулинг орталықтарының, балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салу; сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, қоғамдық тамақтандырудың, сауналардың, курорттық орталықтардың және фитнес клубтардың жұмыс күндері ғана жұмыс істеуі; қоғамдық орындарда және автобустарда маска тағу.
Атап айтқанда, білім объектілерінде оқытуды ұйымдастыру тәртібі былай белгіленген:
  •  19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушы саны 300-ге дейін, сыныптағы бала саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде балалар дәстүрлі форматта оқиды.
  •  білім объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртібінде ұйымдастыру көзделген. Мұнда тек мектеп бітіруші сынып (9, 11 (12) сыныптар) оқушыларының ата-ана өтініші бойынша мектепке барып оқуына рұқсат етілген. Олар сабақты аралас форматта (пәндердің 70% - дәстүрлі форматта, 30% - қашықтан) оқиды. Сыныпта 15 адамнан артық болмауы керек.
  •  Жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерін қашықтан оқыту жалғасады.
  •  Білім мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салынады.
  • Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырып ұйымдастыруға рұқсат етілген. Жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салынады.
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгерген жоқ: жұмыс күндері – 10: 00-ден 17: 00-ге дейін, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (оларда орналасқан дәріханалар мен супермаркеттерді қоспағанда). COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған нысандар үшін жұмыс режимі аптаның күніне қарамастан, 8:00-ден 22:00-ге дейін белгіленеді. Қаулы 12 сәуір күні күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз.