Вакциналарды араластырып салмау керек – ДСҰ
Вакциналарды араластырып салмау керек – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері екпе алу барысында түрлі вакциналарды араластырмауға кеңес берді.

Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Өйткені министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші дозасын алған азаматтарға басқа препарат салынатынын айтты.

Алайда дәрілік заттардың еуропалық агенттігі, бұл өндірушінің вакцинасы мен тромбоздың пайда болуы мүмкіндігін жеткізді. Сондықтан француз билігі енді жасы 55-ке келмеген тұрғындарға екінші доза ретінде басқа екпені ұсынуға ниетті.