Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 11 cәуірде Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 11 сәуірде Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соқса, Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, 23- 28 метр секунд жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстарында қатты жел соғады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі деген болжам жасалды.