Айзаданың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы қызметтен кетті
Айзаданың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы қызметтен кетті
146
оқылды
Бішкек қалалық Милиция басқармасының басшысы жұмысынан босатылды. Бұл туралы Aikyn.kz 24.kg-ге сілтеме жасап хабарлайды. Қырғыз Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, министрлік міндетін тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерді жауапкершілікке тарту жөнінде түбегейлі шаралар қабылдамақ. Белгілі болғандай, Бішкек Ішкі істер бас басқармасының басшысы Бақыт Матмусаев қызметінен босатылды.
"Қайғылы оқиғаға байланысты Первомай ауданының ІІБ, астананың ІІББ және Шу облысының ІІББ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. ІІМ Ішкі тергеу қызметі болған оқиға бойынша мұқият және объектив қызметтік тергеу жүргізді және милиция қызметкерлерінің, бөлімше басшыларының іс-әрекеттеріне, олардың қызметтік іс-әрекетіне баға берілді. 2021 жылы 9 сәуірде ІІМ бұйрығы шығарылды", – делінген хабарламада.
Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді, "Құқық қорғау органдарында қызмет атқару туралы" заңның талаптарын, құқық қорғау органдарының тәртіптік жарғысын, 2020 жылғы жедел-қызметтік іс-қимыл қорытындылары бойынша ІІМ алқасында қойылған міндеттерді, аппараттық және жедел кеңестерде қойылған талаптарды тиісінше орындамау деректері, сондай-ақ ІІМ-нің өзге де бұйрықтары өрескел бұзылғаны айтылды. Осыған байланысты бірқатар қызметкер мен бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылса, кейбіреуі қызметінен босатылды. Айзада Қанатбекованың 5 сәуірде ұрланы туралы оқиғаны жазған болатынбыз.