Жедел жәрдем көлігіне кедергі келтірген Lexus жүргізушісі ұсталды
Жедел жәрдем көлігіне кедергі келтірген Lexus жүргізушісі ұсталды
131
оқылды

Алматы облысында жедел жәрдем көлігінің қозғалысына кедергі келтірген Lexus көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға Алматы облысының Қаскелең қаласында болды. Көпқабатты үйлердің ауласына кірген жедел жәрдем көлігі Lexus-тің кесірінен діттеген нүктесіне жете алмады. Мұны сол сәтте жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі видеоға түсіріп алды. Оқиғаны тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг кезінде анықтады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полицейлер 37 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісін ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)