Халықаралық бокс ұйымы Головкиннің егізімен түскен суретін жариялады

Халықаралық бокс ұйымы Головкиннің егізімен түскен суретін жариялады

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) боксшыларды бауырлар күнімен құттықтап, твит жариялады. Sports.kz-тің хабарлауынша, бұл мереке АҚШ пен Канадада 10 сәуірде, Еуропада 31 мамырда тойланады. Мерекеге орай IBO қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның туған інісі Максим туралы да жазған. Олар 1982 жылы 8 сәуірде дүниеге келді, ал Геннадий Максимнен 15 минутқа үлкен. Қазір Максим Головкин Геннадийдің GGG Promotions компаниясында жұмыс істейді және ағасына жекпе-жектерге дайындалуына көмектеседі.

[caption id="attachment_127408" align="aligncenter" > Геннадий Головкин мен егізі Максим Головкин[/caption]