Ақтөбеде тұрғын үйлерді су басты: 20 адам эвакуацияланды
Ақтөбеде тұрғын үйлерді су басты: 20 адам эвакуацияланды
137
оқылды

11 сәуірде түнде Ақтөбедегі Қарғалы және Думан тұрғын үй алаптарын еріген қар суы басып, 20 адам эвакуацияланды, оның 9-ы бала.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар М. Арынов атындағы мектепке орналастырылды, деп жазды Baq.kz жазды.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың жедел тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тұрғындар өз үйіне қайта оралады. Ақтөбе облысының ТЖД су басу қаупі жоғары аймақта тұратын азаматтарға сақ болуды ескертеді, - делінген ТЖД мәлімдемесінде.
Айта кетейік, кеше Шығыс Қазақстан облысындағы Новопокровка ауылының тұрғындары эвакуацияланған еді.