Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қыз Алматыдан табылды
Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы қыз Алматыдан табылды
118
оқылды
Қарағандылық полицейлер Балқашта жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімді Алматыдан тапты. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 10 сәуірде 35 жастағы әйел адам Балқаш қаласының полиция бөлімшесіне келіп 15 жастағы қызы жоғалып кеткенін айтқан. Ол үйден шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефонын да алмай кеткен, деп жазды Тengrinews.kz. Полиция қызметкерлері қыздың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы деректі тіркеді. Оны іздеуге Қарағанды облысы ПД аумақтық бөлімшесінің барлық жеке құрамы тартылды. 11 сәуірде ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірге із-түзсіз жоғалған қызды Алматыдан тапты. Жасөспірім Алматыдағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұл туралы полицейлер жасөспірімнің ата-анасына хабарлады.