Павлодарда автокөлік жеке үйдің қабырғасына соғылып, 4 жасар қыз кірпіш астында қалды
Павлодарда автокөлік жеке үйдің қабырғасына соғылып, 4 жасар қыз кірпіш астында қалды
156
оқылды

Павлодарда автокөлік үйге соғылып, балалар бөлмесіндегі қабырғаны сындырды. Салдарынан төсекте жатқан 4 жасар қыз кірпіштің астында қалып, 32 жастағы жүргізуші зардап шеккен.

Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, үй иесі Марат Алимов оқиғаның 11 сәуірге қараған түні болғанын айтқан. Көлік ернеуден өтіп, дуалды қиратып, үйдің шетіне соғылған. "Балалар бөлмесінде төрт жасар қызым мен бір жасар ұлым жатты. Қызымның төсегі қабырға жақта болған, көлік үйдің шетіне соғылып, кірпіштер қызымның үстіне құлады", - дейді үй иесі Марат Алимов. Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметіне шамамен 01.00-де хабар келген. "Хабарласқан адамның мәліметінше, автокөлік жеке үйге соғылған. Салдарынан төрт жасар бала мен 32 жастағы ер адам зардап шеккен. Төрт жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ер адам ауруханаға барудан бас тартты", - деді Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметінің өкілдері. Полиция департаментінің мәліметінше, Audi А6 көлігі жеке үйге соғылған. ВАЗ жүргізушісі жасырынып қалмақшы болған. Алайда тәртіп сақшылары оны ұстады. "11 сәуірде сағат 01.30-да ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі Гагарин көшесімен келе жатып Жүсіп көшесімен қиылыста Audi А6 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ол жеке үйге соғылған. Жол-көлік оқиғасынан кейін Audi жүргізушісі мен екі балаға медициналық көмек қажет болды. ВАЗ көлігі айып тұрағына апарылды. Бұл дерек тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері. [caption id="attachment_127450" align="aligncenter" width="740"]Павлодар, автокөлік Фото: Марат Алимов[/caption] [caption id="attachment_127451" align="aligncenter" width="740"]Павлодар, автокөлік Фото: Марат Алимов[/caption]