Қарағандыда жоғалған адамды іздестіруге тік ұшақ тартылды

Қарағандыда жоғалған адамды іздестіруге тік ұшақ тартылды

Қарағанды облысында көлігімен көрші ауылға шыққан 63 жастағы ер адам 4 күннен бері іздестірілуде. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәліметінше, 10 сәуір күні сағат 03:00-де Нұра ауданында адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Өтініш берушінің айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан автокөлікпен Тассуат ауылына шыққан. Алайда межелеген жерге келмеген. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнында ТЖД, полиция және  тікұшақ тартылған.

«Аталған факті бойынша іздеу-іздестіру шаралары бірден басталды. Оған полицейлерден басқа Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер де қатысуда. Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен ер адамның көлігі табылды. Іздестіру шаралары жалғасуда», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.