12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
12 сәуірге арналған ауа райы болжамы
129
оқылды

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл болады, оңтүстікте бұршақ күтіледі.

Түркістан облысында найзағай, бұршақ, жел шаңды дауылмен 15-20, желдің екпіні 23 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман, күндіз найзағай күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең екпіні 25 м/с болады. Қызылорда облысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі, шаңды дауыл 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл 15-20 м/с болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.