10 сәуір күні сағат 03:00-де Нұра ауданында ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Туыстарының айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан Тассуат ауылына автокөлікпен шығып, межелеген орынға жетпеген.
Оны тікұшақпен де іздеді. Қарағанды облысы Полиция департаменті жоғалған шаруа қожалығының басшысын іздестіру бойынша құтқару іс-шараларының нәтижелері жайлы мәлімдеме берді. Нұра ауданының 62 жастағы тұрғыны автокөлігімен аудан орталығына қарай бет алған, содан кейін ер адамды ешкім көрмеген.«Аталған факті бойынша іздеу-іздестіру шаралары бірден басталды. Оған полицейлерден басқа Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер де қатысуда. Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен ер адамның көлігі табылды. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД өкілі.