Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті
Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, судьялардың әлеуметтік жағдайы жақсарса да, жемқорлық дерегі азаймай отыр. Бұл туралы zakon.kz жазды.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, биыл Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша екі судья қызметінен босатылды. Олар қызметтік міндетін тиісінше орындамағаны үшін қазылар алқасының шешімімен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының төрағасы Оспанова сот төрағасы қызметінен босатылды.

«Жоғарғы сотқа жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілері бойынша Шығыс Қазақстан облысының төрт судьясына, оның ішінде Өскемен қаласының No2 сотының төрағасына қатысты ұсыныс енгізілді. Қазылар алқасы тәртіптік комиссиясының шешімімен сот төрағасы мен қала судьялары, яғни судья Қасымов, Арғымберді, Кайролдина және Глубоков аудандық сотының судьясы Әміров қызметінен босатылды», – деді Данияр Биғайдаров.

Бұған дейін әкімдік қызметкерлері жиі пара алатынын жазған болатынбыз.