COVID-19: Цой Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы мен облысында өлім-жітім көбейгенін айтты
COVID-19: Цой Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы мен облысында өлім-жітім көбейгенін айтты
141
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Науқастар саны көбейді. Сонымен қатар өлім-жітім де көбейіп кетті. Ақпаннан бастап елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есеге артты. Бұған қоса өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында және Алматы облысында тіркелген», – деді Алексей Цой. Министрдің айтуынша, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай күннен-күнге нашарлап барады.

Бұған дейін Үкімет басшысы қыркүйекке дейін 10 миллион адамға вакцина салдыратынын айтқан болатын.