Шет елден бір күнде тағы 4 мыңнан астам жолаушы келді
Шет елден бір күнде тағы 4 мыңнан астам жолаушы келді
102
оқылды

Шет елден келген 4 020 жолаушының ішінде ПТР-тест анықтамамен 4 010 адам, анықтамасыз 10 жолаушы келді. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады.

Атап айтқанда: Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 600 жолаушы, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 074 жолаушы, Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 346 жолаушы келді. Анықтамасыз келгендер ПТР-талдау әдісімен тест тапсырды.