Аналарға қуаныш сыйлаған жоба
Аналарға қуаныш сыйлаған жоба
185
оқылды

Осы кездесуден соң партиялық бақылау комиссиясы тарапынан Тұрғын үй басқармасына үстіміздегі жылдың наурыз айының соңына дейін қажетті құжаттарды жинақтап, сәуір айының басында кезекте тұрған көпбалалы аналарға тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс берілген-ді.

Nur Otan партиясының Шымкент қаласындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева аналармен осынау  кездесу нәтижесінде 106 көпбалалы ана тұрғын үйге қол жеткізгелі отырғанын жеткізді.    width=

«Бүгін пәтер кілтін алған бір топ көпбалалы ана қуаныштары қойнына сыймай алғысын жаудырып келді. Көздерінде қуаныштың көз жасы тұр. Мұны көргенде, өзім үй алғандай қуандым. «Nur Otan» партиясына ризашылықтарын білдіріп, партияға кіруге ниетті екендерін де жеткізді. Әрбір еңбектің осындай баға жетпес жемісі адамды бақытқа бөлейді», – дейді Жанар Әлібекқызы.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы