Азық-түлік қымбаттағаны үшін Атырау мен Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары сөгіс алды
Азық-түлік қымбаттағаны үшін Атырау мен Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары сөгіс алды
172
оқылды

Жиында Үкімет басшысы Асқар Мамин аймақтардағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Атырау мен Жамбыл облысында азық-түлік бағасы қымбаттап кеткенін айтты. «Сондықтан осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлына қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын», – деді Әлихан Смайылов. «Биыл қаңтар-наурыз қорытындылары бойынша 7 негізгі көрсеткіштің ішінде алтауы бойынша Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуі байқалды. 7 негізгі көрсеткіштің ішінде бесеуі бойынша алты өңірде өсу байқалды. Бұл – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы. Ал 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша оң өзгеріс бар.  Атап айтқанда, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жариялау жөніндегі Әлихан Асханұлының ұсынысын қолдаймын», – деді Асқар Мамин.

Бұған дейін Қазақстанда табысы күнкөрісіне жетпейтін отбасылар туралы жазған болатынбыз.