Президент ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
130
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.
"Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру - сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет", - деп жазды Президент Twitter-де.
Айта кетейік, бүгін - геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.