Қазақстандықтар үш айда 24 мың көлік сатып алған: қай автокөлік көп сатылды?
Қазақстандықтар үш айда 24 мың көлік сатып алған: қай автокөлік көп сатылды?
163
оқылды

Биыл қаңтар-наурызда қазақстандықтар 24,2 мың жаңа автокөлік, жүк көлігі мен автобус сатып алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға көп.

Бұл туралы LS агенттігі жазды. Қазақстанның автобизнес қауымдастығының мәліметінше, биыл наурызда сату өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға (7,5 мың жеңіл авто және жеңіл техника) дейін өсті. 823 жүк көлігі, арнайы техника мен автобус сатып алынған. Қазақстанның автобизнес қауымдастығы сәуір айының соңында жиынтық өсім 75-80% болады деп болжады. Бұл былтыр наурыздың соңында карантинде мамандандырылған ХҚКО-лар жабық болғандықтан елде көліктерді тіркеу мен сату тоқтатылуымен байланысты. 2020 жылғы сәуір Қазақстанның автобизнес тарихындағы ең нашар ай болған. Наурызда көп сатылған автокөліктердің көшін Chevrolet бастады (2,2 мың бірлік). Екінші орында Hyundai (1,9 мың көлік), үшінші Toyota (1,2 мың бірлік), төртінші KIA (340 бірлік), бесінші Volkswagen (339 бірлік).