Семейде мас жүргізуші тізгіндеген көлік жеке тұрғын үйге соғылды
Семейде мас жүргізуші тізгіндеген көлік жеке тұрғын үйге соғылды
132
оқылды

Семейде мас жүргізуші тізгіндеген көлік жеке тұрғын үйге соғылды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 сәуір күні түнгі сағат 02.00-де болды.

«39 жастағы қала тұрғыны рөлді басқара алмай, Чайковский көшесіндегі жеке тұрғын үйге соғылған. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері барды. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.