Мал ұстап, кәсібін жандандырған келіншек
Мал ұстап, кәсібін жандандырған келіншек
171
оқылды
 «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының фракция мүшесі Нұржамал Әбілжанқызы азаматтарды қабылдаған болатын. Шолаққорған ауылының тұрғыны Жадыра Насырединқызы қабылдауда болып, кәсібін  дамыту үшін қаржылай көмек сұрады. Созақ аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының фракция мүшесі Нұржамал Әбілжанқызының ықпалымен, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік "Еңбек" бағдарламасы, "Бизнес Бастау" жобасы аясында, кәсіпкерлік  негізде карантинге байланысты онлайн форматта оқып,  сертификат алған Жадыра Насырединқызы мемлекет тарапынан 555 000 теңге қаржылай қайтарымсыз грантқа ие болды. Осылайша тұрғын жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Бес баланың анасы,  үй шаруасында отырған Жадыра бұдан бұрын да отағасының көмегімен мал ұстаған. Осы қайтарымсыз қаржыға екі жылқы сатып алып,  бордақылап, орталықтан жалға шағын дүкен ашып,  етін сатып,  мал орнына мал алып,  жылқы басын көбейтіп отырған іскер келіншек  «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының фракция мүшесі Нұржамал Әбілжанқызына алғыс білдірді.