Вакцина егу науқаны күш алды
Вакцина егу науқаны күш алды
155
оқылды

Қазақстанда қыркүйек айына дейін 10 миллионға жуық адамға коронавирусқа қар­сы екпе егілуі тиіс. Осылайша, күзге дейін белгіленген санаттардағы контингент 100% қамтылмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Министр халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау бары­сы­нан хабардар етті. 1 ақпаннан бері өңірлерге «Спутник V» вак­­цинасының 611 мың дозасы жеткізіліпті. Вакцинаны жет­­кізу кестеге сәйкес кезең-кезең­мен жүзеге асырылмақ. Бүгін өңір­лерге кезекті 300 мың доза вак­цина жеткізіледі деп күтілуде. Сәуір айында ша­­­мамен 1,4 млн доза вакцина жеткізмек. Сөйтіп, шамамен 2 млн қазақстандыққа вакцина салынады. Қазір өңірлерде 916 егу пунк­тінде иммундау жүргізілуде. Бұ­дан басқа, алыс аудандарда, ірі ұжымдарда, адамдар көп жина­латын жерлерде КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу үшін 233 көшпелі егу бригадасы жұмыл­дырылған. Иммундау науқанына 10 мыңға жуық медицина қыз­меткері тартылды. Алматы, Нұр-Сұлтан, Көк­ше­тау қалаларында егу пункттері сауда орталықтарында, демалыс күндері вакцинациялауға бо­латын базарларда орналас­ты­рылған. Бұл халықтың вак­цинацияға қалаған жерінде еркін қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ал ерінбегендер өз ем­ханаларына барып салғызуда. Сондай-ақ  2021 жылғы 8 сәуір­ден бастап «электронды үкімет» порталы арқылы вак­цинацияға жазылуға болады. Ол үшін аза­мат тіркелген ме­дициналық ұйы­мын көрсетіп, өтініш береді. Медұйым вакци­нация жүргізу уақытын белгілеп, өтінімдерді бөледі. Содан кейін азамат «электронды үкімет» порта­лынан емханаға баратын күні мен уақытын көреді. Қазақстан әртүрлі вакцина өндіруші компаниялармен ке­ліссөз жүргізуде.

Ерік ЕРДЕНОВ