Ойнақтаған ұл от басты
Ойнақтаған ұл от басты
169
оқылды

Қазақстанда полицейлерді босқа ма­за­ла­ғандарды айыппұлмен жазалау тәжірибесі бар. Бірақ ол жайында ел тұрғындарының көпшілігі  хабарсыз. Солардың бірі – «102»-ге еріккеннен қоңырау шалып, жалған хабарлама берген 15 жастағы атыраулық жасөспірімнің ата-анасы жазаға тартылды

Түнгі сағат 00.10 шамасында Атырау қаласының Полиция бас­­қармасына белгісіз адам қоңы­рау шалып, Дамбы ауылында орна­­ласқан Амангелді атындағы орта мектептің алдында бір топ бала төбелесіп жатқанын хабарлайды. Ол жаққа дереу полиция наряды аттанды. Олар хабарламаның жал­ған екенін жеткенде білген. Қоңы­рау соғылған нөмірді тексере келе тәртіп сақшылары тентектік жа­саған 2006 жылы туған жас­өс­пірім екенін әшкереледі. Ұл бала «қал­жың үшін» полицияға қасын­дағы досының телефонынан қоңырау шалғанын мойындайды. «Әзілқой» бала осылайша ата-анасының беделін бүлдірді, отба­сына шығын келтірді: аталған факт бойынша жасөспірімнің ата-анасына қатысты Әкімшілік құ­қықбұзушылық кодексінің 438-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған ша­қыру, 14-тен 16 жасқа дейiнгi кә­мелетке толмағандар жасаған әрекеттер), әкімшілік хаттама тол­тырылып, 15 айлық есептік көр­сеткіш немесе 43 755 теңге айыппұл салынды.  

А.ШӘРІП