Меладзені тәнті етті
Меладзені тәнті етті
110
оқылды

25 жастағы Әкімхан Мәженов Уфадағы «Яңы Моң» халықаралық музыкалық телевизиялық бай­қауын­да Қазақстанның намысын қорғап жүр.

Мәлімет бойынша, жігіт сахнада 16 жасынан бастап ән айтады.  Ол – халық­аралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінде 4-курста оқиды. Әкімхан – Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік академиялық филармонияның солисі. Байқаудың екінші турында ол Валерий Меладзенің «Актриса» әнін орындады. Меладзе қазылар алқасының мүшесі еке­нін айта кеткен жөн. «Маған әрдайым қатты дауыстап айту оңай дейтін. Ал әнді тыныш айту – өте қиын. Сіз бірде-бір айғайға, форсажға өткен жоқсыз. Бірақ дауыста энергия көп. Бейберекет немесе үзілген бірде-бір нота болған жоқ. Басыңызда компьютер бар ма, қалай өзі? Әр нота соншалық керемет өңделген, таңғалдырды», – деді  Меладзе байқауда. Қазылар алқасының құрамында татар-башқұрт эстрадасының әртісі Элвин Грей, продюсер Лина Арифулина, әнші Гүлназ Асаева және Башқұртстан халық әртісі Азат Зиганшин болды.

А.ЖОЛДАС