Күміс медаль еншіледі
Күміс  медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабар­лауынша, Сиязбек Далиев бат­терфляй әдісімен 50 метр қашықтыққа жүзіп,  әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. Пара жүзуден Әлем кубогы сериясы Ұлы­британияның Шеффилд қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 21 елінен 92 спортшы қатысты.

Ол баттерфляй стилінде жарыс жолын 37,65 секундта жүзіп, Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарына іріктеу норма­ларынан 3 секундқа жоғары көрсеткіш көр­сетті. Сондай-ақ 2018 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев қазір өз сыныбында осы қашықтықта әлемдік рейтингтегі ең мықты жүзу­шілердің бестігіне кіреді. Ол баттерфляй стилінде Пара Азия ойындарында жарыс рекордын орнатып, 50 метр қашықтықты 37,40 секундта жүзіп өткен еді. 2019 жылы Лондонда өткен пара жүзуден әлем чем­пионатында дәл осы қашықтықта үздік бестікке кірді.

А.ЖАНАСЫЛ