Бүгін антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек оңтүстік және солтүстік-шығыста жауын-шашын жауады.
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте найзағай, бұршақ болады. Жамбыл облысында тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында бұршақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Қостанай, түнде Шығыс Қазақстан облысда тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар облысында тұман түседі. Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.