Шапағаты мол Рамазан айы халықты жанашыр болуға шақырады – Нұрлан Нығматулин
Шапағаты мол Рамазан айы халықты жанашыр болуға шақырады – Нұрлан Нығматулин
195
оқылды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Рамазан айының басталуымен қазақстандықтарды құттықтады.

«Барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы – кең пейілдің, береке-бірлік және ізгілік, ынтымақ пен мейірімділіктің көрінісі. Шарапаты мен шапағаты мол ай халықты жанашыр болуға, қайырымдылық жасап, бір-біріне көмектесуге шақырады. Осы берекесі мен бірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, барлық дұға-тілектеріңіз және ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын», – деді Нұрлан Нығматулин.

Ол барлық қазақстандықтарды біріктіре түсетін осындай қасиетті айда әрбір азаматқа рухани күш-жігер, әрбір отбасына бақ-береке, амандық, елімізге тыныштық және өркениет тіледі.